2026 жылғы 13 маусымда Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің диссертациялық кеңесінде 8D04201 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының докторанты Копжасарова Сағынгүл Избасарқызының «Оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізудегі борышкердің мәмілелерінің жарамсыздығы» тақырыбындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы сәтті қорғалды.


Қорғау барысында ізденуші зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен ғылыми жаңалығын таныстырып, диссертациялық кеңес мүшелері мен ресми рецензенттердің сұрақтарына жан-жақты жауап берді.


Диссертациялық кеңестің шешімімен Копжасарова Сағынгүл Избасарқызына философия докторы (PhD) дәрежесін беру ұсынылды.
Ізденушіні диссертациясының табысты қорғалуымен құттықтап, алдағы ғылыми және кәсіби қызметіне толағай табыс тілейміз!