2026 жылдың 26 мамырында “Bolashaq” академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша К-22-1 тобының студенті дипломдық жұмысын сәтті қорғады. Бітіруші түлек өзінің кәсіби даярлық деңгейін көрсетіп, оқу барысында жинақтаған білімі мен тәжірибесін жоғары деңгейде дәлелдей білді.


Қорғау барысында студент дипломдық жұмысының мазмұнын жан-жақты таныстырып, өз тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңызын ашып көрсетті. Комиссия мүшелерінің қойған сұрақтарына мүдірместен жауап берді.
Диплом қорғау — әр студент өміріндегі маңызды белестердің бірі. Бұл — үлкен мақсаттарға бастар жауапты әрі жарқын қадам.
Түлегімізді дипломдық жұмысын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтаймыз!