31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Бүгін біз халқымыздың тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірін еске алып, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етеміз.

Өткеннің қасіретті сабақтарын ұмытпай, тарихи әділеттілікті сақтау – кейінгі ұрпақ алдындағы ортақ парызымыз. Азаттық пен тәуелсіздіктің қадірін терең түсініп, ел бірлігі мен татулығын нығайту жолында еңбек ету – баршамыздың міндетіміз.

Қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.