Ғылыми-техникалық кеңес отырысы

2026 жылғы 27 қазанда «Bolashaq» академиясында Ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында 2026–2027 оқу жылына арналған магистранттардың диссертациялық жұмыстарының тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін бекіту, Академия студенттерінің республикалық және халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурстарына, олимпиадалар мен жобаларға қатысу перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар магистрлік диссертацияларды (жобаларды) дайындау және рәсімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар қаралып, бекітуге ұсынылды. Академияның 2026–2027 оқу жылына арналған «Bolashaq» студенттік ғылыми жұмыстар конкурсы туралы ережесін бекіту мәселесі де күн тәртібіне енгізілді.

Бұдан бөлек, студенттердің ғылыми стартап-жобалары мен Академияның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ішкіуниверситеттік ғылыми конкурстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, Академияның ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және студенттердің ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.