«Bolashaq» Академиясының студенттері Өзбекстанда сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда

2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде «Bolashaq» Академиясының студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Profi University-дің Науаи филиалында (Өзбекстан, Науаи қаласы) білім алуда.

Бағдарламаға қатысушы студенттер:

1) Темірланқызы Аяулым – 6В01301 – «6B01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі » білім беру бағдарламасының 2-курс студенті;

2) Сергеева Асем Ерболовна – 6В01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.

Студенттерге топ жетекшісі – «Bolashaq» Академиясының педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шутенова Сабира Сартаевна жетекшілік етеді.

Академиялық ұтқырлық – кәсіби дамудың жаңа мүмкіндігі!

Шетелдік жоғары оқу орнында білім алу студенттерге Өзбекстанның білім беру жүйесімен және академиялық ортамен танысуға, кәсіби білімдерін тереңдетуге, халықаралық тәжірибе жинақтауға, сондай-ақ мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы «Bolashaq» Академиясының халықаралық байланыстарын нығайтуға, шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығын кеңейтуге және білім алушылардың кәсіби әрі тұлғалық дамуына ықпал етеді.

Студенттерімізге сәттілік, толағай табыс, жаңа білім мен жарқын әсерлер тілейміз! Халықаралық тәжірибелеріңіз мол болып, алға қойған мақсаттарыңыз орындала берсін!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.