Еріктілер Қарағанды облысының әкімімен кездесті

“Saryarqa Jastary” еріктілердің облыстық штабында Қарағанды облысының әкімі Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы Қарағанды облысының еріктілерімен кездесті.

Кездесуге “Bolashaq” Академиясының студенттері белсенді қатысты.

Кездесу барысында жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Нұржан Арғынұлы кездесуге қатысушыларды еріктілер жылына жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалармен, мақсаттармен және міндеттермен таныстырды.

Сондай-ақ, кездесуде волонтерлер өздерінің волонтерлік ұйымдары мен жүзеге асырылып жатқан жобаларын таныстырып, проблемалық мәселелерді қозғады. Өз кезегінде облыс әкімі еріктілерді облыстық деңгейде жан-жақты қолдауға дайын екенін атап өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.