АКАДЕМИЯМЫЗДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

2026 жылғы 13 қараша күні «Bolashaq» Академиясының «Фармацевтикалық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Антибиотиктерді дұрыс қолдану – денсаулық кепілі» тақырыбында ашық дәріс өтті.Дәрісті П. Поспелов атындағы Қарағанды медицина университетінің Педиатрия және неонатология кафедрасының оқытушысы Ибраимова Ляйлим Берлибековна жүргізді.

Ашық дәрістің негізгі мақсаты – студенттердің антибиотиктерді тиімді әрі қауіпсіз қолдану жөніндегі білімдерін кеңейту, дәрілік заттарды қабылдау барысында жауапкершілік пен сауатты көзқарас қалыптастыру.Дәріс барысында антибиотиктердің адам денсаулығын сақтаудағы маңызы, оларды қолдану ерекшеліктері, дәрігердің нұсқауын қатаң сақтау қажеттілігі және антибиотиктерге төзімділіктің алдын алу мәселелері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар, антибиотиктерді өз бетінше қабылдаудың қауіптілігі, емдеу курсын белгіленген мерзімде аяқтау және дәрілік препараттарды дұрыс пайдалану туралы маңызды ақпараттар берілді.

Іс-шара студенттер үшін теориялық білімдерін толықтырып қана қоймай, болашақ кәсіби қызметінде дәрілік заттарды ұтымды қолдану мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Дәріс соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманмен пікір алмасты.«Bolashaq» Академиясы Ибраимова Ляйлим Берлибековнаға мазмұнды дәрісі, кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің білімін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдіреді!

Денсаулық – жауапкершіліктен басталады!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.