Теміртау қаласы және Қарағанды облысы полиция департаментімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу

2023 жылғы 9 маусымда “Bolashaq” Академиясы “Құқық” ББ бойынша білім беруді іске асыру шеңберінде “ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысы полиция департаментінің Теміртау қаласы полиция басқармасы” ММ және “ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаменті” ММ-мен ынтымақтастық туралы бірден екі меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты тараптардың Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары үшін жоғары білікті кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастығы болып табылады.

Тараптар ынтымақтастықты дамытуды қолдайды және күш-жігерді мынадай бағыттарда жүргізуге ниетті:

-заң кадрларын даярлау сапасын арттыру;заң мамандығы бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

-конкурстық іріктеуден өткен жағдайда түлектерді жұмысқа орналастыру;

-бірлескен оқу және ғылыми іс-шаралар өткізу;

-жұмыс берушінің аумағында студенттерді мақсатты даярлау;

-кәсіби мансапты жоспарлау технологияларын іске асыру;

-студенттер мен магистранттар үшін өндірістік және диплом алдындағы практиканы ұйымдастыру.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.