“Bolashaq” дебат клубының кезекті кездесуі

2024 жылғы 13 ақпанда Қарағандының 90 жылдығына орай 1-курс студенттері арасында “Bolashaq” дебат клубының кезекті кездесуі өтті.

Кездесу барысында “Әлемдегі бейбітшілікті орнату үшін қолданылатын әскери күштер” тақырыбы талқыланды. Азаматтық және патриотизм деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған қоғамдық қызметке, оның ішінде студенттік өзін-өзі басқару және дебат қозғалысы арқылы тартылған білім алушылардың үлесі индикаторы қарастырылған.

Алдағы уақытта факультеттер арасында АПФ, БПФ форматтары бойынша пікірталас ойындарын өткізу жоспарлануда.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.