Мектеп түлектеріне арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылғы 7 наурызда «Педагогика» кафедрасының аға оқытушылары К.А.Сарбасова мен А.Б.Қосманова Қарағанды қаласының № 14 мектеп-гимназиясында 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын өткізді.


Кездесу барысында түлектерге «Педагогика» кафедрасындағы оқу бағдарламаларын таныстырып және магистратураға түсу мүмкіндігі туралы ақпараттар берді. Оқу бағдарламаларының білім сапасы, бакалавр дипломы, халықаралық қатынастар, оқу процестері мен жетістіктері туралы, студенттер клубтары мен әр түрлі іс-шараларға белсене қатыса алатындары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы «Bolashaq» Академиясының орны, оның соңғы жылдардағы республикалық рейтингтегі ең жоғары деңгейлері, студенттер саны, білім беру нысандары, білім сапасы туралы ақпарат ұсынылды.


Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, академияға түсу шарттарына байланысты өздерін қызықтырған сұрақтар қойды. Бұл кәсіптік бағдар беру жұмысы оқушыларды өз мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін түсіну негізінде саналы, ынталы мамандық таңдауға итермелейді. Оқушылар ЖОО-ға түсу туралы сұрақтарға толық жауап алды.


Оқушыларға «Bolashaq» Академиясы туралы презентация көрсетілді, кәсіби бағдар беру материалдары жөнінде буклеттер таратылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.