“Жаңа форматтың Болашақ педагогы-2021” облыстық байқауына қатысушылардың пікірлері

2021 жылғы 3 ақпанда онлайн режимінде ZOOM платформасында “Bolashaq” академиясының Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының ұйымдастыруымен өткен “Жаңа формацияның Болашақ педагогы-2021” облыстық байқауының қатысушылары іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін басшылық пен профессорлық-оқытушылық құрамға алғыс білдіреді.

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы
О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ
базасындағы Тірек мектебінің (РО)
11 сынып оқушысы Амангелді Ақбота

Пікір

Облыстық «Жаңа форматтағы болашақ педагог» байқауын ұйымдастырған «Bolashaq» академиясына  ризашылығымды білдіргім келеді. Біз өмірдегі бірінші маңызды таңдауды жасаймыз.  Сондықтан,  бұған үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек.  Біз өз армандарымызды жүзеге асырып, осындай мүмкіндікпен университетке бара алатынымызға қуаныштымын.

Осындай ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдаланып отырған түлектер жақсы нәтижеге жететініне  сенім білдіремін.

Амангелді Ақбота

Отзыв

Большое спасибо организаторам конкурса и хотелось бы отметить высокий уровень проведённого конкурса. Выбранные направления конкурса являются актуальными на современный период среди молодёжи, особенно в профориентационной деятельности.

                       Колмагорова Валерия, КГУ «КШДС № 33» г. Караганды

Пікір

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
Ақтау ЖББ мектебінің  11-сынып оқушысы Буленова Аружан

 Мен, Қарағанды қаласындағы «Bolashaq» академиясы ұйымдастырған «Жаңа форматтағы болашақ педагог» атты байқауына қатысқан болатынмын. Байқаудың I турында «Болашақ кеңістігіндегі педагог» тақырыбында эссе мен киберпедагогика жайлы презентация дайындадым. Байқау қорытындысы бойынша біз 3-орынды иелендік. Бұл байқаудың бізге бергені көп. Көп іздендім, киберпедагогика туралы көп іздену нәтижесінде біраз мағлұматтар алдым. Педагогикалық мамандықтың қыр-сырын, кәсіби маңызын түсіндім, әлі де іздену үстіндемін. Көп сабақ алдым. Байқауды ұйымдастырушыларға – Сарбасова Қалимаш Амангелдіқызына, “Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту“ кафедрасынын меңгерушісі Н.И. Храпченковаға, Bolashaq “ академиясының ректоры Қ.Н.Меңлібаев мырзаға алғысымызды білдіреміз. Болашақта осы сияқты байқаулар бола берсе екен деген ниетіміз бар.

 Пікір

Мен, Рыспекова Жадыра Жәнібекқызы Жаңаарқа ауданы А. Сейдімбек атындағы ЖББМ мұғалімі “Bolashaq” академиясының 11 сынып оқушыларымен “Жаңа форматтағы болашақ педагог” байқауын ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Көтерілген тақырыптар болашақ педагогтар үшін өте маңызды. Сондай-ақ орын алған оқушыларға тамаша мүмкіндік, жеңілдікпен бір жыл оқуға  болатынын растайтын сертификат берілді. Өзекті мәселені көтеріп, мектеп оқушыларымен байланыс орнатқан Академия ұжымына рақмет! Жеңімпаздарды құттықтау сәті де ерекше өтті. Академия жұмысына табыс тілеймін.

 Пікір

Мен, /82 ЖББ мектептің 11 сынып оқушысы Тұрсұнхан Гүлбахрам, жетекшім бастауыш сынып мұғалімі Исина Нургуль Женисовна өз анам, ұстаз болғандықтан осы жолды таңдап, «Bolashaq» академиясында өткен “Жаңа форматтағы болашақ педагог” байкауына қатысып 3-орын алдым, ол үшін қатты қуаныштымын, осы байқауды ұйымдастырған ұстаздар қауымына еңбектеріңіз жана берсін, болашақ мамандарды дайындаудан шаршамаңыздар, – дегім келеді! Сіздерге алғысымыз шексіз!!! Осындай байқау көп оқушыларға үлкен мүмкіндік берері сөзсіз, байқаулар көп болсын, үлкен рақмет!!!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.