Студенттеріміздің жетістігі

9 желтоқсан күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Сен деп жырлаймын, Қазақстан!” атты жастар поэзиялық батлын өткізді.

Сайысқа Bolashaq академиясы атынан “Bolashaq” командасы қатысты. Команда мүшелері: Ізбасар Ерқанат (К-20-1), Әбдірейім Қанағат (К-20-1), Жұрағат Аймарал (К-20-1) және Шари Қымбат (К-20-1) қатысты. Қарағанды облысының ЖОО арасында өткен бұл сайыста Bolashaq” командасы 3 орынға ие болды және 50000 теңгелік сертификат ұтып алды. “Bolashaq” командасын жеңістерімен құттықтаймыз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.