Ақ халатты абзал жанмен сұқбат

2020 жылдың 25 желтоқсаны күні қаламыздағы М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның ішінен құрылған «Аналар мектебінде» аяулы ана, асыл жар, құрметті де қадірлі ұстаз, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің профессоры, доцент, жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, сонау 1964 жылы педиатрия мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік Медицина Институтын қызыл дипломмен бітіргеннен бері ширек ғасыр медицина саласына қызмет етіп, қаншама ана мен баланың көз қуанышы болған, бір сөзбен айтқанда «сәби иісі сіңген адам» атанған – Кенжебаева Күлжікеш Асылханқызымен кездесу өтті.

Кездесуге мектеп ұжымы, ата-аналар және жоғары сыныптың қыз балалары қатысты. Кездесудің модераторы «Аналар мектебінің» мүшесі, «Bolashaq» академиясының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Б.А.Абылбаева.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.