2022 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев видео байланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрі ретінде Смайлов Әлихан Асханұлының кандидатурасын ұсынған болатын. Мәжілістің жалпы отырысында Президенттің ұсынған кандидатурасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тауып, Әлихан Асханұлы ҚР Премьер-министр лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы әр сала бойынша нақты тапсырмаларды жүктеді. Бұл тапсырмалар елде болған қасіретті оқиғадан сабақ алу, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды реттеуге арналған. “Bolashaq” академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысын онлайн режимінде көрді.
You may also like
2019 жылы 29 қарашада Қарағанды қаласының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтті. Дәстүр бойынша этнобірлестікте аймақтың түпкір-түкпірен жиналды. Сессияда […]
2022 жылғы 12-14 қаңтар аралығында “Bolashaq” академиясында “Қазақстан Республикасының білім беру стандартының нормаларына сәйкес сабақты жоспарлау” тақырыбында семинар өтті. Бастамашы және ұйымдастырушы […]
“Философия” және “Мәдениеттану” оқу пәндері аясында ЖББ кафедрасының профессоры Б.И. Бектұрғановтың жетекшілігімен “Студент шеберханасы”жұмыс істейді. Бұл студенттер өз ісінің шеберлері болып танылатын […]
2024 жылдың 19 сәуірінде Павлодар қаласының С.Торайғыров университетінде академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған “XXIV СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ” Халықаралық ғылыми конференциясы ұйымдастырылды. […]