10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2022 жылдың 10-қаңтарын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.


Бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және терористердің шабуылына тойтарыс беру кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери-қызметшілер қарулы қылмыскерлердің қолынан қаза тапты.
Олар батырлық пен ерлік көрсете отырып, қызметтік және әскери міндеттерін өмірлерінің соңына дейін адал орындады.
Олар бүкіл Қазақстан халқының жүрегінде мәңгілік қалады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған