Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының ПОҚ-мен ректордың On-line кездесуі

Ағымдағы аптада “Bolashaq” академиясының ректоры, профессор Қ. Н. Меңлібаев жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамының өкілдерімен кездесті.

23 сәуір күні Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының қызметкерлерімен on-line кездесу өтті.

Кездесу басында ректор жоғары білім беру жүйесі мен “Bolashaq” академиясындағы соңғы оқиғаларға қысқаша шолу жасады.

Кездесудің басты тақырыбы студенттердің аралық және қорытынды аттестациясын өткізу формаларын талқылау болды. Құралбай Несіпбекұлы шет тілінде сөйлеу іс-әрекетінің дағдыларын объективті және толыққанды бағалауды талап ететін кафедраның білім беру бағдарламасының ерекшелігін атап өтіп, кафедра ұжымының студенттердің білімін ауызша түрде онлайн форматта бақылауды жүзеге асыруға деген ұмтылысына қолдау білдірді.

Студенттердің оқу ақысын төлеу, жаңа оқу жылына дайындық, кәсіптік бағдар беру жұмысы және талапкерлерді қабылдауға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында оқытушылар өздерінің пікірлерімен бөлісіп, карантин жағдайындағы ЖОО-ның қызметі туралы өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Кездесу соңында ректор кафедраның жұмысына оң баға беріп, ұжымға жоғары кәсіби және адал еңбегі үшін алғысын білдіріп, барлығына денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.