“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні” тақырыбындағы ашық кураторлық сағат

14.12.23 ж. фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы К. С. Теміреева “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні” тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді, оған х.ғ.к., доцент Р. Б. Шащанова және аға оқытушы К.С. Хаштай және студенттер қатысты.

К.С. Теміреева сол жылдың қысқаша тарихы мен оқиғасын айтып өтіп, Отанымыздың өркендей беруін тіледі.Сондай-ақ, Р. Б. Шашанова Қазақстанның тәуелсіздік алғаны туралы естеліктерімен бөлісті. Фм-20-2 студенті Сыздықова Айгүл ҚР Тәуелсіздік күніне арналған тұсаукесерімен сөз сөйледі.

Фармацевтикалық пәндер кафедрасы “Bolashaq” Академиясының” барлық қызметкерлері мен студенттерін Тәуелсіздік күнімен құттықтайды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.