Ю-21-1 тобының студенті Тлеубердинов Әділдің жетістігі

23 ақпанда Семей қаласында өткен сайыскерлік самбодан Қазақстан чемпионатына іріктеу өтті. Жарыс ерлер арасында өткізілді.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде II орынды “Bolashaq” Академиясының Ю-21-1 тобының студенті Тлеубердинов Әділ иеленді.

Біз құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының ұжымы және “Bolashaq” Академиясының “Құқықтану” Білім беру бағдарламасының студенттері Әділдің жеңісімен мақтанамыз. Әділді әлемдік жарыстың биік тұғырынан көреміз деп үміттенеміз. Сәттілік тілейміз!!!

Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының ұжымы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.