“Қаржы” ББ бірінші курс студенттерімен кездесу

7 қазанда “Құқықтық және қаржылық пәндер” кафедрасының меңгерушісі А.Т. Қабжановтың “Қаржы” білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында кредиттік оқыту технологиясы, оқу ақысы, студенттердің ғылыми конференцияларға қатысуы, Академияның қоғамдық өмірі мәселелері қаралды.

Ақылбек Тайбулатұлы студенттерді ЖОО-ның нормативтік құжаттарымен: академия студенттерінің Ар-намыс кодексімен, Академияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен, Студенттер үйіндегі ішкі тәртіп ережелерімен және т. б. мәліметтермен таныстырды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.