2026 жылғы 29 қыркүйекте «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1–4 курс студенттері арасында Four Years – One Team атты интерактивті іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – әр курс студенттерінің бір-бірімен танысуына, еркін қарым-қатынас жасауына және біртұтас студенттік орта қалыптастыруына мүмкіндік беру.


Қатысушылар аралас командаларға бөлініп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түрлі тілдік және командалық тапсырмаларды орындады. 4-курс студенттері жүргізуші және модератор ретінде командалардың белсенді жұмыс жасауына қолдау көрсетті.



Іс-шара студенттердің тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға, өзара ынтымақтастық пен мәдениетаралық диалогты нығайтуға бағытталды. Кездесу ортақ рефлексиямен, достық номинациялармен және естелік суретке түсумен аяқталды. Іс-шараның қорытынды ұраны: «Бірге үйренеміз — учимся вместе — we grow together!»