«Bolashaq» Академиясында жасанды интеллектіні білім беру мен ғылымда қолдану бойынша семинар өтті

2026 жылғы 29 қыркүйекте «Bolashaq» Академиясында білім беру және ғылыми қызметте жасанды интеллектіні қолдануға арналған оқыту семинары өтті. Семинарды Bilim UpSkill компаниясының әдіскерлері жүргізді.

Қатысушылар ChatGPT Edu платформасының мүмкіндіктерімен, Chat, Work және Codex жұмыс режимдерімен танысты. Сонымен қатар жасанды интеллектіні оқу материалдарын әзірлеуде, сабақтарды жоспарлауда, ғылыми әдебиеттерді талдауда, зерттеу жүргізуде және ғылыми жарияланымдар дайындауда қолданудың практикалық мысалдары қарастырылды. Тапсырмаларды дұрыс құрастыруға, алынған нәтижелерді тексеруге және жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалануға ерекше назар аударылды.

Семинардың практикалық бөлімінде оқытушылар презентациялар, интерактивті тапсырмалар және басқа да білім беру материалдарын әзірлеуге арналған заманауи құралдарды меңгерді. Аталған іс-шара университет қызметкерлерінің цифрлық құзыреттерін дамытуға және жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне енгізуге бағытталған маңызды қадам болды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.