10 қыркүйек күні «Bolashaq» Академиясында 1-курс студенттеріне арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында білім алушылар Академия жанындағы студенттік ұйымдармен, олардың негізгі қызмет бағыттарымен және жүзеге асырып жатқан жобаларымен танысты. Ұйым өкілдері студенттерге әрбір бірлестіктің мақсат-міндеттері мен жұмыс бағыттары туралы ақпарат беріп, олардың жұмысына қатысу мүмкіндіктерін түсіндірді. Іс-шара барысында студенттерге шығармашылық, […]
Monthly Archives: Қыркүйек 2026
2026 жылғы 10 қыркүйек күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қала тұрғындары мен білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Шексіз мүмкіндіктер: келіңіз, көріңіз, шабыт алыңыз» атты Ашық есік күні өтті. Аталған іс-шараға «Bolashaq» академиясының Фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары Темиреева К.С. және Темиреева Н.Б. жетекшілігімен Фм 24-2 және Фм […]
«Bolashaq» Академиясының Студенттер үйінде тұратын білім алушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Өткен жылы Студенттер үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл аталған жұмыстардың жалғасы ретінде студенттердің күнделікті тұрмысын жақсарту мақсатында Студенттер үйі 16 микротолқынды пеш, 2 тоңазытқыш, 3 электр пеші және жаңа төсек жабдықтарымен толықтырылды. Академия тарапынан […]
Филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрсұлу Ибраевна Букетова «Bolashaq» Академиясына арнайы келіп, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен құттықтады. Кездесу барысында профессор Академия ұжымына ізгі тілегін білдіріп, жаңа оқу жылында толағай табыстар мен кәсіби жетістіктер, ал білім алушыларға білім мен ғылым жолында биік белестер тіледі. […]
Тіл мерекесіне орай «Bolashaq» Академиясында жарқын іс-шара өтті! Қазақ тілінің мәртебесін арттырып, заманауи форматта дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған білім мен өнер бәсекесі тартысқа толы болды.
«Bolashaq» Академиясы Жастар ресурстық орталығының «Saryarqa Creative Hub» креативті орталығында жаңадан ашылған кітапхана қорына кітаптар сыйға тартты. Бұл бастама – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, рухани-танымдық дамуына қолдау көрсетуге және кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған игі қадам. Кітап – білім мен руханияттың қайнар көзі. Сыйға тартылған әдебиеттер оқырмандарға пайдалы […]
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келетін Тілдер мерекесіне орай «Bolashaq» академиясында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Тіл love» интеллектуалды-танымдық ойыны өткізілді.Іс-шара барысында студенттерге қазақ тілі мен әдебиеті бойынша танымдық сұрақтар қойылып, мақал-мәтелдерді жалғастыру, сөз мағынасын ашу, тілдік білімді саралау бағытындағы түрлі тапсырмалар ұсынылды. Ойын барысында […]
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келетін Тілдер мерекесіне орай «Bolashaq» Академиясында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Тіл love» интеллектуалды-танымдық ойыны өтті. Іс-шара барысында студенттер қазақ тілі мен әдебиеті бойынша танымдық сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдерді жалғастыру, сөз мағынасын ашу бағытындағы түрлі тапсырмаларды орындады. Қатысушылар өз білімдерін […]
«Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «АНА ТІЛІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» төсбелгісімен марапатталды. Академия ұжымы Құрманғазы Зәкірұлын мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтайды! Алдағы уақытта да кәсіби қызметіңізге толағай табыс, шығармашылық ізденіс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Бұл күн – халқымыздың асыл мұрасы болып саналатын мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, ұлттар мен ұлыстарды тоғыстырған Қазақстандағы тілдік әралуандылықты дәріптеуге бағытталған айрықша мереке. Мемлекеттік тілді дамыту – баршамыздың ортақ парызымыз. Сонымен қатар, еліміздегі әрбір этностың тілін құрметтеу – татулық пен бірліктің басты кепілі.
Академиялық ұтқырлық – білім алушылардың кәсіби және академиялық әлеуетін арттыруға, жаңа білім беру ортасында тәжірибе жинақтауға, заманауи білім беру тәсілдерімен танысуға мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі. Ол студенттердің білім сапасын жетілдіріп қана қоймай, олардың дүниетанымын кеңейтуге, жаңа ортаға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға және болашақ маман ретінде жан-жақты дамуына ықпал етеді. «Bolashaq» […]
«Bolashaq» Академиясында Білім күніне арналған «Қош келдің, студент!» атты мерекелік іс-шара өтті! «Bolashaq» Академиясының ректоры Қуанышбек Бұланұлы Аданов жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім, ғылым мен еңбектің болашақтың берік іргетасы екенін атап өтті. Академияның бірінші курс студенттері салтанатты ант беріп, студент атағын адал алып жүруге, ұстаздарға құрмет көрсетуге және жаңа […]