Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келетін Тілдер мерекесіне орай «Bolashaq» Академиясында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Тіл love» интеллектуалды-танымдық ойыны өтті.



Іс-шара барысында студенттер қазақ тілі мен әдебиеті бойынша танымдық сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдерді жалғастыру, сөз мағынасын ашу бағытындағы түрлі тапсырмаларды орындады.


Қатысушылар өз білімдерін ортаға салып, тапқырлық пен ой ұшқырлығын, шапшаңдық пен белсенділігін көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілге құрмет қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Тілге құрмет – елге құрмет!