«Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «АНА ТІЛІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» төсбелгісімен марапатталды.

Академия ұжымы Құрманғазы Зәкірұлын мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтайды! Алдағы уақытта да кәсіби қызметіңізге толағай табыс, шығармашылық ізденіс пен жаңа жетістіктер тілейміз!