80 жыл бұрын ҰОС басталды

1941 жылдың 23 маусымында майданға жаппай жұмылдыру басталды.

80 жыл бұрын бұл күні бүкіл ел соғыс уақытындағы заңдарға сәйкес “жаңаша” өмір сүре бастады. Ал “Правда” газетінде соғыс алғаш рет “Ұлы Отан” деп аталды.

КСРО Конституциясының 49 – бабының “Л” тармағының негізінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы әскери округтерде-Ленинград, Балтық арнайы, Батыс арнайы, Киев арнайы, Одесса, Харьков, Орел, Мәскеу, Архангельск, Орал, Сібір, Еділ, Солтүстік Кавказ және Закавказье аумағында жұмылдыру туралы хабарлайды.

Жұмылдыруға 1905 жылдан 1918 жылға дейін туылған әскери міндеттілер жатады.

Жұмылдырудың бірінші күні 1941 жылғы 23 маусым болып есептелсін.

КСРО жоғарғы Кеңесі Төралқасының Төрағасы М. Калинин

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Хатшысы А. Горкин

Правда. 1941. 23 маусым.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.