Академия басшылығының студенттермен кездесулері

2021 жылғы 8 және 9 сәуірде барлық курстар мен күндізгі оқу бөлімінің білім беру бағдарламалары студенттерінің “Bolashaq”академиясы басшылығымен онлайн режимінде кездесулері өтті.

8 сәуірде Академия студенттерімен ректор, профессор Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы кездесті, студенттермен бітіруші курстардың қорытынды мемлекеттік аттестациясы, 1-3 курстардың офлайн режимінде оқу мүмкіндіктері мәселелерін талқылады.

Студенттер сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

9 сәуірде кездесуді Академияның оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры У. Т. Киреева және тіркеу бөлімінің басшысы Б.Б. Бекбашева өткізді.

Кездесу барысында Академиялық күнтізбе бойынша бақылау іс-шаралары, “Фармация” ББ студенттерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясының ерекшеліктері талқыланып, жазғы сессияның емтихан нысандары туралы сұрақтарға жауаптар берілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.