«Тіл love» интеллектуалды-танымдық ойыны

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келетін Тілдер мерекесіне орай «Bolashaq» академиясында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Тіл love» интеллектуалды-танымдық ойыны өткізілді.
Іс-шара барысында студенттерге қазақ тілі мен әдебиеті бойынша танымдық сұрақтар қойылып, мақал-мәтелдерді жалғастыру, сөз мағынасын ашу, тілдік білімді саралау бағытындағы түрлі тапсырмалар ұсынылды.


Ойын барысында студенттер өз білімдерін ортаға салып, тапқырлық пен ой ұшқырлығын, шапшаңдық пен белсенділігін көрсетті. Қатысушылар танымдық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, ойынға белсене атсалысты.


Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілге деген құрметін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тіл мәдениетін дамыту.


Осындай мазмұнды іс-шаралар студенттердің білімін толықтырып қана қоймай, ана тіліміздің қадір-қасиетін терең түсінуге және ұлттық мұраға деген құрметін арттыруға ықпал етеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.