«Bolashaq» Академиясы Жастар ресурстық орталығының «Saryarqa Creative Hub» креативті орталығында жаңадан ашылған кітапхана қорына кітаптар сыйға тартты.

Бұл бастама – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, рухани-танымдық дамуына қолдау көрсетуге және кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған игі қадам.
Кітап – білім мен руханияттың қайнар көзі. Сыйға тартылған әдебиеттер оқырмандарға пайдалы болып, жаңа білім мен ізденістерге жол ашады деп сенеміз.