Филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрсұлу Ибраевна Букетова «Bolashaq» Академиясына арнайы келіп, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен құттықтады.

Кездесу барысында профессор Академия ұжымына ізгі тілегін білдіріп, жаңа оқу жылында толағай табыстар мен кәсіби жетістіктер, ал білім алушыларға білім мен ғылым жолында биік белестер тіледі. Сонымен қатар, ғалым Академия қорына «Ғылым персонологиясындағы тілдік тұлға: академик Е.А. Бөкетовтің дискурсының талдауы» атты еңбегін сыйға тартты.
«Bolashaq» Академиясы ұжымы профессор Нұрсұлу Ибраевна Букетоваға арнайы келіп, жаңа оқу жылына орай білдірген ақжарма тілегі мен жылы лебізі, сондай-ақ тарту еткен құнды еңбегі үшін шынайы алғысын білдіреді.