«Bolashaq» Академиясының Студенттер үйінде тұратын білім алушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Өткен жылы Студенттер үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл аталған жұмыстардың жалғасы ретінде студенттердің күнделікті тұрмысын жақсарту мақсатында Студенттер үйі 16 микротолқынды пеш, 2 тоңазытқыш, 3 электр пеші және жаңа төсек жабдықтарымен толықтырылды.





Академия тарапынан білім алушылардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасаумен қатар, олардың жайлы әрі қауіпсіз ортада тұруын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.