“Bolashaq” Академиясы” ПОҚ үшін оқу-әдістемелік семинар

“Bolashaq” Академиясында жыл сайын оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша ПОҚ үшін оқу-әдістемелік семинарлар өткізіледі.

Осы орайда, академиялық ұтқырлық аясында 2024 жылдың 04 қаңтарынан 08 қаңтарына дейін шетелдік ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының доценті Татьяна Петровна Смолькина шақырылды.

Ол келесі тақырыптар бойынша оқыту семинарларын өткізді:

-Дарынды студенттің жеке басын дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттары (04.01.2024).

-Педагогтің өз эмоцияларын басқарудағы шеберлігі (05.01.2024).).

-Дарындылықты саралау. Дарынды балалармен жұмыстың мазмұны мен негізгі формалары. Дарынды білім алушылармен жұмыстағы педагогикалық технологиялар (08.01.2024).

Семинар мәселелері өзекті, білім алушылардың жеке психологиялық ерекшеліктері туралы оқытушылардың білімін толықтырады. Қазіргі білім беруді технологияландырудың қиын жағдайындағы мұғалімнің мінез-құлқын эмоционалды реттеу тақырыбы ерекше әсер қалдырды.

Алынған ақпарат білім беру процесінде және мұғалімдердің өзін-өзі дамытуы барысында қолданылуы мүмкін екенін атап өткен жөн.

Жалпы, мұндай семинарлар Қазақстан мен Беларусь педагогтарының қазіргі білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.