«Bolashaq» Академиясында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді дуальды оқыту жүйесін іске асыру жұмыстары жалғасуда. Оқытудың бұл форматы болашақ педагогтерге теориялық пәндерді меңгеруді Қарағанды қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы практикалық қызметпен ұштастыруға мүмкіндік береді.


Дуальды оқыту – мектепке дейінгі білім беру саласындағы болашақ мамандарды практикаға бағыттап даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі. Академияның серіктес ұйымдармен өзара ынтымақтастығының арқасында студенттер оқу кезеңінің өзінде кәсіби ортаға еніп, алған теориялық білімдерін практикада қолдануға және балалармен жұмыс істеу тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік алады.
Студенттердің жекелеген топтары үшін практикалық сабақтар бекітілген оқу кестесіне сәйкес аптасына бір рет Қарағанды қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының базасында өткізіледі.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу: теория және практика. ДОВ 24-1к тобының студенттері дуальды оқыту аясында «Мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі» пәнін педагогика кафедрасының аға оқытушысы Жанысбаева Роза Мазраповнаның жетекшілігімен меңгеруде.


Топ құрамында:
Артемасова Арина, Качмашева Диана, Лоскутова Наталья, Насипова Динара, Цурикова Мария, Чиканникова Регина білім алуда.
Практикалық сабақтар Қарағанды қаласының «Бәйтерек» бөбекжайы» КМҚК базасында өткізіледі. Мекеме басшысы – Калибекова Арайлым Ораловна.
Практикалық дайындық барысында студенттер мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеуді ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысады, педагогтер мен музыка жетекшілерінің кәсіби қызметін бақылайды, музыкалық сабақтарды, ойындар мен іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады. Практикалық сабақтардың маңызды ерекшелігі – студенттердің теориялық білімді нақты білім беру ортасында қолдану, педагогтердің жұмыс әдістерін талдау және біртіндеп өздерінің кәсіби тәжірибесін қалыптастыру мүмкіндігі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру
ДОВ 25-3к тобының студенттері дуальды оқыту аясында «Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған әлеммен таныстыру теориясы мен әдістемесі» пәнін педагогика кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Шалтаева Роза Жиембаевнаның жетекшілігімен меңгеруде.


Топ құрамында:
Калиева Ельвира, Калыкулова Улбике, Нурманова Замира, Уалиева Сауле, Сембаева Гаухар білім алуда.
Практикалық дайындық Қарағанды қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» КМҚК базасында жүзеге асырылады. Мекеме басшысы – Бегайдарова Айгуль Аманжолқызы.
Сабақ барысында студенттер мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру кезінде теориялық білімдерін практикада қолданады, балаларды қоршаған әлеммен, табиғатпен, заттық және әлеуметтік ортамен таныстырудың әдістері мен тәсілдерімен танысады. Практикалық сабақтар барысында білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру, көрнекілік және дидактикалық материалдарды іріктеу, бақылау, әңгімелесу және танымдық ойындарды өткізу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Кәсіби қалыптасудың негізі – практика
Дуальды оқытуды іске асыру аясында «Bolashaq» Академиясы дуальды оқыту базаларымен келісімшарттар, сондай-ақ осы оқыту форматына қатысатын әрбір студентпен дуальды оқыту туралы жеке келісімшарттар жасасты.
Оқытылатын пәндер бойынша оқу мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін және практикалық бағыттылығын айқындайтын жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустар әзірленіп, рәсімделді. Әр студентке қажетті оқу-әдістемелік құжаттама дайындалды.

«Bolashaq» Академиясының Қарағанды қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тығыз ынтымақтастығы болашақ педагогтердің кәсіби тұрғыдан жүйелі қалыптасуына жағдай жасайды. Студенттер теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, білім беру қызметін жоспарлауды, балалармен және педагогтермен өзара әрекеттесуді, қажетті материалдарды іріктеуді және өз жұмыстарының нәтижелерін талдауды үйренеді.
Практикаға бағытталған даярлық студенттердің кәсіби құзыреттерін, дербестігін, жауапкершілігін, педагогикалық мәдениетін және балалармен жұмыс істеудегі шығармашылық көзқарасын дамытуға ықпал етеді.
«Bolashaq» Академиясы дуальды оқыту жүйесін одан әрі дамытып, мектепке дейінгі ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуда. Бұл ретте болашақ мектепке дейінгі білім беру мамандарын сапалы әрі кәсіби даярлауға, олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасалуда.