“ЛиМоНаД” студенттік газетінің кезекті нөмірі

Құрметті достар!

Сіздердің назарларыңызға “ЛиМоНаД” студенттік газетінің кезекті нөмірін ұсынамыз.

2021 жылғы сәуір айы әлемнің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығы және Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ұшуының 30 жылдығы сияқты оқиғалармен айтулы.
“Bolashaq” академиясының студенттері газет оқырмандары үшін осы тақырыпта қызықты танымдық ақпарат дайындады.

12 сәуірде Қазақстан ғылымы өзінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ, дәл осы күні XX ғасырдың көрнекті ғалым-геологы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтпаев дүниеге келді.

“ЛиМоНаД” студенттік газетінің нөмірі дәл осы “ғылым” тақырыбына арналған , оның беттерінде газет редакциясы “Bolashaq” академиясы жүзеге асыратын барлық ғылыми қызметті: жеке конференцияларды, форумдарды, дөңгелек үстелдерді, ғылыми конкурстарды ұйымдастыру мен өткізуді, сондай-ақ серіктестердің ғылыми іс-шараларына белсенді қатысуды көрсетуге тырысты.

Оқуға асығыңыз!

https://disk.yandex.kz/i/0vw0t_TGGtE5dQ

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.