“In Higher Educational Institutions Сontent Of Education And Training Creation Of Technology” оқу құралы

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы-Көшбасшы Н.Ә. Назарбевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында п.ғ.к., профессор Данияров Т.Ә., ф.ғ.к., профессор Сембиев Қ.З., п.ғ.к., аға оқытушы Жолдасбекова Б.А. ағылшын тілінде жазылған «ЖОО-ғы білім мазмұны және оқыту технологиясын жасау» атты оқу құралының мақсаты магистранттардың қазіргі Қазақстандағы ЖОО кәсіптік білім беру концепциясы мен оны іске асырудың дидактикалық, әдістемелік мәселелерін және білім беру мазмұнын дидактикалық тұрғыдан игерту.

Пән курсын оқу барысында магистранттар қазіргі заманның педагогикасының проблемаларын түсіне және тұжырымдай білуге; өзекті мәселелерді тудыратын себептер мен қарама-қайшылықтарды анықтай білуге; педагогикада туындаған проблемаларды шешудің ұтымды жолдарын іздеп таба білуге қол жеткізеді, міндеттері:

– Жоғары мектептегі қазіргі білім беру технологияларының ғылыми негізі;

– Заманауи педагогикалық технологиялардың маңызы;

– Әр түрлі педагогикалық пәндер бойынша заманауи білім беру бағдарламаларының мазмұны туралы түсінік қалыптастыру.

Білім беру бағдарламалары құрылымындағы пәннің орны және қысқаша мазмұны: педагогикалық үдеріске, білім беруге тән этика және рухани, материалдық құндылықтарды жазып көрсетеді; педагогикалық жүйе, үдеріс үшін вербальды және вербальды емес құралдар мен тәсілдерді көрсетіп береді; өзінің іс-әрекетіне рефлексия жасай алады; қарым-қатынас, этикалық нормаларды сақтауға және күнделікті өмірде қолдануға бейімділік көрсетеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.