Құрметті Академия ұжымы және қадірлі студенттер! Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын! Бұл – ерлік пен елдік рухын ұлықтайтын, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын тарихи күн. Ұлы Жеңіс жолында жанын қиған батырлардың ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.Баршаңызға зор денсаулық, амандық, оқуда және еңбекте табыс тілейміз. […]
Жаңалықтар
Құрметті Академия ұжымы және қадірлі студенттер! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген азаматтарға құрмет көрсететін ерекше күн. Отанға адал қызмет ету, жауапкершілік пен патриоттық рух – әрбір азамат үшін қасиетті ұғым.Еліміздің бейбіт өмірі мен тұрақтылығы жолында еңбек […]
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Болашақ» Студенттік Республика студенттері «Мейірім» волонтерлік ұйымымен бірлесіп, «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау және жас ұрпақтың патриоттық рухын қалыптастыру. Аталған акция аясында студенттер тыл еңбеккерлері Наурызбаева Рзықия мен Таисия Маркеловна апалардың шаңырағына арнайы барып, Ұлы Жеңіс […]
2-курс «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенті Әбеуғалиева Жания Ерболовнаны (ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Тлеужанова Г.К.) «Студенттер» номинациясы бойынша «Лингводидактика және шетел тілдерін оқытуды ұйымдастыру әдістемесі» бағыты аясында «Ғылым әлемінде: филология, лингводидактика және аударматану мәселелері» атты X Халықаралық студенттер, магистранттар және аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары […]
Фармациялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева К.С. және Блялев С.А. ФМ 23-2 және 25-2 топтарында Қазақстандағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында студенттер XХ ғасырдағы ең ауыр кезеңдердің бірі – ашаршылық пен саяси репрессия жылдарының тарихи шындығымен танысты. Қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың […]
Жастар ғылымы күндері аясында Ресей ІІМ Барнаул заң институты «Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында шет тілдерінде (ағылшын, неміс) мультимедиялық презентациялар бойынша халықаралық қашықтықтан (сырттай) конкурс өткізді. Аталған конкурсқа «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері белсенді қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша студент Туран Расул Жанатханұлы жеңімпаз атанып, «Нақтылық пен […]
2026 жылғы 29 сәуірде «Педагогика» кафедрасының аға оқытушылары Г.С. Махмутова мен А.К. Шегай кәсіби бағдар беру жұмысы аясында №48 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – түлектерді білім алуды жалғастыру мүмкіндіктерімен таныстыру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру болды. Кездесу барысында оқушыларға «Bolashaq» […]
29 сәуір күні, Ташкент Низами атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркі тілдері мен әдебиетін оқыту: инновациялық тәсілдер, озық әдістер және практикалық тәжірибелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Халықаралық деңгейдегі конференцияға Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының танымал ғалымдары қатысты. Конференцияның пленарлық мәжілісінде […]
2026 жылдың 27 сәуірінде Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданына қарасты ЖББ №6 орта мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Абылбаева мен шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы М.К.Абдрашева 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Аталған орта мектептің түлектеріне «Bolashaq» Академиясы, оның барлық білім беру бағдарламалары […]
25 сәуір күні «Bolashaq» Академиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға бухгалтерия, кадр бөлімі, кітапхана қызметкерлері және жалпы білім беру пәндері кафедрасы белсенді қатысты. Сенбілік барысында Академия ғимаратының ішкі аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, кабинеттер мен ортақ пайдаланылатын кеңістіктер ретке келтірілді. Қатысушылар өздеріне бекітілген аймақтарды мұқият тазалап, білім ордасының […]
2026 жылғы 23 сәуірде Саран қаласының Мәдениет үйінде Саран қаласының Мансап орталығы ұйымдастырған қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шара жұмыс берушілерді, білім беру ұйымдарын және оқу орындарының түлектерін біріктіріп, ашық диалог, тәжірибе алмасу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін талқылауға арналған алаң болды. Аталған іс-шараға «Bolashaq» академиясы белсенді қатысты. Жәрмеңкеге […]
«Bolashaq» Академиясында дәстүрлі «Тіл-Қазына» олимпиадасы өтті. 2026 жылғы 23 сәуір күні «Bolashaq» Академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының мектеп, лицей және гимназияларының 11-сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Тіл-Қазына» олимпиадасын жоғары деңгейде ұйымдастырды. Олимпиаданың мақсаты мен маңызы: Биылғы білім додасының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың ана тіліміз […]
2026 жылдың 23 сәуірінде фармацевтикалық пәндер кафедрасының эдвайзері Темиреева Назым Багдаулетовна фм 22-2, ПМНО 25-2 топ студенттерімен «Вакцинация – денсаулық кепілі» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру, олардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары туралы ақпарат беру болды. Кураторлық […]
Бүгін Академияда Ұлттық кітап күні мен Кітапханашы күніне орай «Кітап керуені» атты кітап алмасу акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – кітаптың қоғамдағы маңызын дәріптеу, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және академия ұжымының рухани-мәдени байланысын нығайту болды. Мазмұнды шараға Академияның қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы және студенттері белсенді қатысып, ортақ игі бастамаға […]