Құрметті Академия ұжымы және қадірлі студенттер!
Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Бұл – ерлік пен елдік рухын ұлықтайтын, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын тарихи күн. Ұлы Жеңіс жолында жанын қиған батырлардың ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, оқуда және еңбекте табыс тілейміз. Елімізде әрдайым тыныштық пен бірлік салтанат құрсын!
Құрметпен,
«Bolashaq» Академиясының
ректоры К.Б. Аданов