«Адалдық сағаты» аясында студенттермен тәрбиелік кездесу өтті

«Bolashaq» Академиясында студенттер арасында адалдық, әділдік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаты» өткізілді.

Іс-шара барысында студенттерге адалдық, парасаттылық, жауапкершілік және заңға құрмет көрсету құндылықтары түсіндірілді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, академиялық адалдық қағидаларын сақтау және қоғам алдындағы жеке жауапкершілікті сезіндіру.

«Адалдық сағаты» барысында студенттерге сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, әділдік пен ашықтықтың маңызы, сондай-ақ әр азаматтың адал қоғам құрудағы рөлі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, олардың мазмұны бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды.

Бейнероликтерде адал еңбек, әділ шешім қабылдау, парақорлықтан бас тарту, мемлекеттік және қоғамдық мүддеге жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ жастардың құқықтық және адамгершілік мәдениетін арттыру мәселелері қамтылды.

Кездесу соңында студенттер адалдық тек жеке қасиет қана емес, қоғамның дамуына әсер ететін маңызды құндылық екенін атап өтті. Мұндай іс-шаралар жастардың саналы азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.