“Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” ҒПК туралы қатысушылардың пікірлері (халықаралық қатысумен)

“Bolashaq” академиясының қабырғасында студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар байқауы ұйымдастырылды.

Студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар байқауы студенттер мен магистранттарда ғылыми-зерттеу жұмыстары мен іздеу шығармашылығы дағдыларын дамыту, студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту, инновациялық технологиялар негізінде қазақстандық қоғам мен оның білім беру саласын дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру, республикалық конкурсқа қатысу үшін үздік студенттік және магистрлік жұмыстарды іріктеу мақсатында өткізілді.

Байқауға 8 ғылыми-зерттеу бағыты ұсынылды. Ұсынылған ғылыми жұмыстардың тақырыбы қазіргі заманғы ғылым мен қазақстандық қоғамның өзекті проблемаларымен, ең алдымен білім беру саласын қалыптастырумен және дамытумен, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және дамыту мәселелерін шешумен байланысты.

Байқау екі кезеңнен тұрды:

Бірінші кезең. 2020 жылдың 20 қаңтарынан 20 ақпанына дейінгі аралықта ол кафедралардың ішінде өткізіледі, онда ең үздік жұмыстар іріктеліп алынды, олар конкурстың екінші кезеңіне жіберілді.

Екінші кезең. 20-24 ақпан аралығында – сараптама комиссияларының жұмысы өтті. Ректордың бұйрығымен бекітілген конкурстық сараптау комиссиялары барлық білім беру бағдарламалары бойынша келіп түскен жұмыстарды қарады, олардың сапасы мен маңыздылығын бағалап, жүлделі орындарды анықтады.

Осы байқауға мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының п.ғ.м., аға оқытушы Р.Н. Жапанованың жетекшілігімен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс (колледжден кейін) студенттері – Жолжақсы Бүлдірген, Серікбаева Жазира Асылсеитқызы қатысты. Олар 8 бағыт бойынша «Әлемнің екінші ұстазы әбу Насыр әл-Фараби қалдырған өшпес із» тақырыбында жазған ғылыми-зерттеу жобаларын қорғап, 2 тур нәтижесі бойынша 1 орынға ие болып, дипломмен марапатталды және ақшадай сыйақы алды.

Алғыс Хат!

Біз Серікбаева Жазира, Жолжақсы Бүлдірген ПМНО-19-2к тобының студенттері «Əлемнің екінші ұстазы Əбу Насыр əл-Фараби қалдырған өшпес із» атты ғылыми жоба дайындап, «Bolashaq» академиясы қабырғасында ұйымдастырылған «Студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар» байқауына қатысып, 2 кезең бойынша сайысқа түстік.

28.02.20 күні сайыстың нәтижесі шығып, біз жүлделі 1-ші орынға ие болып, бірінші дəрежелі дипломмен марапатталдық.

Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшаң-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі – баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың яғни, біздің абыройлы міндетіміз деп санаймыз. Сол себепті біз ғылыми жұмысымызды зерттеу барысында тарихқа көз жүгіртіп, ұлы тұлғамыздың жүріп өткен жолы және өшпес мұрасымен терең таныстық десек артық емес. Зерттеу нəтижесінде, қазіргі таңда бұл тақырыптың өзекті əрі пайдалы мағлұматтар көп екендігін анықтап, əр адам ұлы тұлғанының еңбектерін жете білулері қажет деген ой түйдік. Сондықтанда, біз осы тақырыбымызды әрі қарай терең зерттей түсіп, жұмысымызды жалғастыра түсеміз деп шештік.

Ұлы тұлғаларымызға арналған, жастарды ғылымға, білімге бет бұруға шақыратын шараларды ұйымдастырып, бізге үміт пен шабыт сыйлаған, əрқашан қолдауға əзір ұйымдастырушыларға, атап айтсақ, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор п.ғ.к., профессор Смолькина Татьяна Петровнаға және «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының п.ғ.к., доцент Бокижанова Галина Каскарбековнағасонымен қатар, бізді осы байқауға дайындаған, ғылыми жетекшіміз Жапанова Риза Набиевнаға алғысымыз шексіз.

Ұйымдастырылатын əр жоба бізді ғылым мен білімнің шыңына шығуға тағы бір қадам жақындата түседі, шыңдай түседі, тəжірибелі етеді. Əлі де үміттеріңіз бен сенімдеріңізді ақтаймыз деген сенімдеміз!

Мен Жолжақсы Бүлдірген «Bolashak» академиясының ПМНО-19-2К тобының бірінші курс студентімін. «Жастар және қазіргі заманауи  әлемдегі мәселелер» атты распубликалық студенттер мигистранттар, доктаранттар және жас ғылыми парктикалық конференциясы жұмысына қатысып екінші орын иелендім. Әрине бұл іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Конференцияда әр-түрлі бүгінгі күні қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Соның ішінде мен бұл конференциядағы тақырыбым «Салауаттылық денсаулық кепілі» болды. Бұл тақырыпты қозғау себебім саллауатты ұрпақ болашақ кепілі, ал бүгінгі күні жаңартылған білім бағдарламалары, әр түрлі жаңашылдықтар бала денсаулығына қаншалықты әсері бар. Баланың жалпы денсаулығы ғана емес жалпы қандай тұлға қалыптастыру үстіндеміз. Осы бір өзекті тақырыпты қозғап тыңдармандарға үлкен бір ой салдым деп ойлаймын. Осы тақырыпты таңдауыма себепкер болған қолдаушыма ғылыми жетекшім «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының п.ғ.м., аға оқытушы Жапанова Риза Набиевнаға айтар алғысым шексіз. Себебі біз әлі де болса қоғамдағы өзекті мәселелерді кейде білмей жатамыз. Ал оқытушылыр өз саласының маманы болғандықтан күнделікті болып жатқан қоғамдағы өзекті мәселелерді айтып, көтере алады. Осындай білікті мамандармен жұмыс жасау мен үшін үлкен мәртебе. Осы шарадан мен өз бойыма біраз жақсы білім дарыттым деп ойлаймын. Бұл конференция мен үшін көп нәрсені үйреніп, жақсы ой түйіуіме көп септігін тигізді. Өйткені бүгінгі күні білім беру саласындағы өте өзекті мәселелер талқыланып, көптеген тың ойлар айтылды. Өте қызықты өтті. Сондықтан да, біздің студенттер мен магистранттар үшін ұйымдастырылған осынай іс-шара үшін «Bolashaq» академиясының басшылығына алғысымды білдіремін.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.