«Bolashaq» Академиясы Жастар ресурстық орталығының «Saryarqa Creative Hub» креативті орталығында жаңадан ашылған кітапхана қорына кітаптар сыйға тартты. Бұл бастама – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, рухани-танымдық дамуына қолдау көрсетуге және кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған игі қадам. Кітап – білім мен руханияттың қайнар көзі. Сыйға тартылған әдебиеттер оқырмандарға пайдалы […]
Жаңалықтар
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келетін Тілдер мерекесіне орай «Bolashaq» Академиясында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Тіл love» интеллектуалды-танымдық ойыны өтті. Іс-шара барысында студенттер қазақ тілі мен әдебиеті бойынша танымдық сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдерді жалғастыру, сөз мағынасын ашу бағытындағы түрлі тапсырмаларды орындады. Қатысушылар өз білімдерін […]
«Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «АНА ТІЛІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» төсбелгісімен марапатталды. Академия ұжымы Құрманғазы Зәкірұлын мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтайды! Алдағы уақытта да кәсіби қызметіңізге толағай табыс, шығармашылық ізденіс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Бұл күн – халқымыздың асыл мұрасы болып саналатын мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, ұлттар мен ұлыстарды тоғыстырған Қазақстандағы тілдік әралуандылықты дәріптеуге бағытталған айрықша мереке. Мемлекеттік тілді дамыту – баршамыздың ортақ парызымыз. Сонымен қатар, еліміздегі әрбір этностың тілін құрметтеу – татулық пен бірліктің басты кепілі.
«Bolashaq» Академиясында Білім күніне арналған «Қош келдің, студент!» атты мерекелік іс-шара өтті! «Bolashaq» Академиясының ректоры Қуанышбек Бұланұлы Аданов жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім, ғылым мен еңбектің болашақтың берік іргетасы екенін атап өтті. Академияның бірінші курс студенттері салтанатты ант беріп, студент атағын адал алып жүруге, ұстаздарға құрмет көрсетуге және жаңа […]
31 тамыз күні «Bolashaq» Академиясында 2026–2027 жаңа оқу жылының басталуына орай Кеңейтілген ғылыми кеңес өтті. Жиынды Академия басшылығы ашып, ұжымды жаңа білім беру маусымымен және келе жатқан Білім күнімен құттықтады. Отырыста Академияның стратегиялық дамуына қатысты маңызды мәселелер мен құрылымдық өзгерістер талқыланып, жаңа оқу жылындағы негізгі басымдықтар мен алдағы жұмыс жоспары […]
«Bolashaq» академиясының тарихында ерекше маңызға ие айтулы оқиға орын алды. Бұл қуанышты жаңалық біздің ұжым үшін зор мақтаныш қана емес, Академияның ғылыми дамуындағы жаңа белестің бастауы болды. «Bolashaq» академиясының ұжымы Көпжасарова Сағынгүл Ізбасарқызын диссертациялық кеңестің философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешімінің бекітілуімен шын жүректен құттықтайды. «Оңалту және банкроттық рәсімдерін […]
2026 жылдың 17 маусымында Фармацевтикалық пәндер кафедрасының тәрбие және әлеуметтік жұмыс жоспары, сондай-ақ түлектермен байланыс аясында қорытынды аттестациядан сәтті өткен 6B10101 – «Фармация» білім беру бағдарламасының 5 курс күндізгі және 3 курс күндізгі қысқартылған оқу бөлімінің студенттері мен Қарағанды облысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің […]
2026 жылғы 13 маусымда Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің диссертациялық кеңесінде 8D04201 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының докторанты Копжасарова Сағынгүл Избасарқызының «Оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізудегі борышкердің мәмілелерінің жарамсыздығы» тақырыбындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы сәтті қорғалды. Қорғау барысында ізденуші зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері […]
2025–2026 оқу жылында оқу, ғылым, спорт және қоғамдық қызмет салаларында жоғары жетістіктерге жеткен студенттерге Ғылыми кеңестің салтанатты отырысында арнайы шәкіртақылар табысталып, құрмет көрсетілді. Марапат иелері қатарында республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми байқаулардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Академияның қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген студенттер бар. Олардың қатарында: «Жыл студенті […]
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және ұлттық мақтанышымыздың басты нышандары. Еліміздің мәртебесін асқақтататын рәміздеріміз әрдайым құрметке ие болып, көк байрағымыз биікте желбірей берсін! Мереке құтты болсын!
Бүгін біз халқымыздың тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірін еске алып, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етеміз. Өткеннің қасіретті сабақтарын ұмытпай, тарихи әділеттілікті сақтау – кейінгі ұрпақ алдындағы ортақ парызымыз. Азаттық пен тәуелсіздіктің қадірін терең түсініп, ел бірлігі мен татулығын нығайту жолында еңбек ету – баршамыздың міндетіміз. Қуғын-сүргін мен […]
2026 жылдың 26 мамырында “Bolashaq” академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша К-22-1 тобының студенті дипломдық жұмысын сәтті қорғады. Бітіруші түлек өзінің кәсіби даярлық деңгейін көрсетіп, оқу барысында жинақтаған білімі мен тәжірибесін жоғары деңгейде дәлелдей білді. Қорғау барысында студент дипломдық жұмысының мазмұнын жан-жақты таныстырып, өз тақырыбының өзектілігі мен […]
2026 жылдың 21 мамырында Алматыда «Фармация» білім беру бағдарламасының үшінші-бесінші курс студенттері үшін фармацевтикалық химия және фармакогнозия бойынша 2-ші Халықаралық пәндік олимпиада өтті. Олимпиада ANAMED халықаралық форумы аясында өтті және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Фармация мектебінің 75 жылдығына арналды.Олимпиаданың негізгі мақсаты фармацевтикалық химия және фармакогнозия саласындағы білімді […]
«Bolashaq» Академиясында студенттер арасында адалдық, әділдік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаты» өткізілді. Іс-шара барысында студенттерге адалдық, парасаттылық, жауапкершілік және заңға құрмет көрсету құндылықтары түсіндірілді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, академиялық адалдық қағидаларын сақтау және қоғам алдындағы жеке жауапкершілікті сезіндіру. «Адалдық […]