СПИО орталығының жоспарын жүзеге асыру аясында орталық жетекшісі, доцент Абдрахманова Алуа Сабитовна студенттерді ақпараттандыруға және жанжалды жағдайлардың алдын алуға бағытталған психологиялық сабақтар ұйымдастырып, өткізді. Сабақтарға ББ ПМНО, ПиП, ПкП студенттері және МПП-26-1 тобының магистранттары қатысты. Қатысушылар тақырып бойынша ақпарат алып, өздерінің эмоциялық интеллектісін талдау арқылы эмоциялық жағдайын реттеуге бағытталған практикалық […]
Главный редактор Академии "BOLASHAQ"
15 қазан күні «Bolashaq» Академиясы дәстүрлі «STUDENT LIFE» студенттерді студенттер қатарына қабылдау кешін жоғары деңгейде ұйымдастырды. Салтанатты іс-шара бірінші курс студенттері үшін жарқын естелікке айналып, олардың академиялық өмірге жасаған алғашқы маңызды қадамын айшықтады. Кеш барысында академия басшылығы, оқытушылар мен құрметті қонақтар жас студенттерге ізгі тілектерін білдіріп, студенттік өмірдің жауапты әрі […]
Қонақ дәрісінің спикері – Қарағанды қаласындағы «Орлеу» инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС-нің бас әзірлеушісі, ҚарТУ түлегі, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар Бауржан Атинов. Іс-шара барысында қатысушыларға жасанды интеллектінің қазіргі әлемдегі рөлі, жұмыс істеу қағидаттары және оны әртүрлі кәсіби салаларда қолдану мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Әсіресе, жұмыс […]
«Bolashaq» Академиясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне арналған өндірістік практика бойынша ұйымдастыру конференциясы өтті. Кездесу барысында студенттер практиканың мақсаттары мен міндеттерімен, негізгі кезеңдерімен және есептік құжаттаманы рәсімдеу талаптарымен танысты. 2026 жылғы 30 қазанға дейін жалғасатын практика студенттердің кәсіби тәжірибе жинақтап, педагогикалық құзыреттіліктерін дамытуына мүмкіндік береді. […]
2026 жылғы 12 қазанда Академияның Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста халықаралық ғылыми журналдың қызметі, 2026–2027 оқу жылына арналған ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу кестесін бекіту, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру конкурстарына және халықаралық конкурстарға өтінімдер дайындау мәселелері қаралды. Халықаралық ғылыми журналдың қызметі туралы Б.Р. Хасенов баяндама жасады. Ол […]
2026–2027 оқу жылының күзгі семестрінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Bolashaq» Академиясына «Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті» ЖБ ФМББМ делегациясы келді. Делегация құрамына 44.03.05 «Педагогикалық білім беру (екі даярлық бейінімен): Шетел (ағылшын) тілі және шетел тілдерін оқытудағы цифрлық технологиялар» білім беру бағдарламасының 5-курс студенттері, сондай-ақ топ жетекшісі — Шетел тілдері факультетінің […]
«Bolashaq» Академиясында түрлі аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында профилактикалық акция ұйымдастырылды. Акция аясында Академияның медбикесі Куур Светлана Геральдовна студенттер мен қызметкерлерге дәрумендер таратып, денсаулықты күту, иммунитетті нығайту және маусымдық аурулардың алдын алу маңыздылығына назар аударды. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар мен қызметкерлердің денсаулыққа деген жауапкершілігін […]
2026 жылғы 10 қазанда сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Bolashaq» Академиясына келген Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінің (НМПУ) студенттері Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (NIS) өткен Ашық есік күніне қатысты. Іс-шара аясында студенттер үшін кампус-тур ұйымдастырылып, оның барысында олар мектептің инфрақұрылымымен, білім беру ортасымен, заманауи оқу кеңістіктерімен және оқу үдерісін ұйымдастыру […]
Студенттердің академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру мақсатында педагогика кафедрасының аға оқытушысы А.А. Есмагулованың ұйымдастыруымен «Академиялық адалдық – сапалы білімнің негізі» тақырыбында куратор сағаты өткізілді. Кураторлық сағатқа ПиП-26-2, НКИ-26-2, ПМНО-24-2, ПМНО-23-2 топ студенттері мен кафедра бойынша аға куратор С.К. Мекадилова қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге академиялық адалдық қағидаларын түсіндіру, плагиат пен […]
Bolashaq Академиясында болашақ педагогтерді даярлаудың басым бағыттарының бірі – инклюзивті білім беру. Бұл қазіргі білім беру жүйесінде педагогтердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың әдістері мен тәсілдерін жиі қолдануына тура келетіндігімен байланысты. Түрлі білім беру бағдарламаларының студенттерін оқу сабақтарында кездесетін нақты жағдайларға қалай дайындауға болады? Осы мақсатта студенттерге оқу […]
Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ғылыми зерттеу университетінде өткен ашық үлгідегі криминалистикалық полигонның ашылу рәсіміне қатысты. Полигон Қарағанды облысының Полиция департаменті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолдауымен құрылды. Іс-шара академиялық қауымдастық өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін біріктірді. Полигонның ашылуы […]
«Bolashaq» Академиясында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді дуальды оқыту жүйесін іске асыру жұмыстары жалғасуда. Оқытудың бұл форматы болашақ педагогтерге теориялық пәндерді меңгеруді Қарағанды қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы практикалық қызметпен ұштастыруға мүмкіндік береді. Дуальды оқыту – мектепке дейінгі білім беру саласындағы болашақ мамандарды практикаға бағыттап даярлаудың […]
Қазан айының алғашқы күні аталып өтетін Халықаралық қарттар күніне орай «Bolashaq» Академиясының белсенді студенттері «Забота» қарттар үйіне арнайы барып, қарияларды мерекемен құттықтады. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл игі шараның басты мақсаты – өмірлік тәжірибесі мол, өнегелі ғұмыр иелеріне құрмет көрсету, ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге жылулық пен қуаныш […]
2026 жылғы 29 қыркүйекте «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1–4 курс студенттері арасында Four Years – One Team атты интерактивті іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – әр курс студенттерінің бір-бірімен танысуына, еркін қарым-қатынас жасауына және біртұтас студенттік орта қалыптастыруына мүмкіндік беру. Қатысушылар аралас командаларға бөлініп, қазақ, орыс […]