«Bolashaq» Академиясында студенттермен «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы» тақырыбында кездесу өтті.


Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті нығайту және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген негізгі қағидаттар мен құндылықтарды насихаттау болды.


Кездесу барысында қатысушылар Конституциялық реформалардың маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігі және құқықтық мемлекетті дамыту бағытында жүргізіліп жатқан өзгерістер жөнінде пікір алмасты. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маңызды тақырыптар бойынша жан-жақты ақпарат алды.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, мемлекет пен қоғам өміріндегі өз рөлін терең түсінуге және белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға ықпал етеді.
Конституция – тәуелсіздігіміздің тірегі, құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың кепілі. Әрбір азамат оның мәні мен маңызын терең түсініп, заң талаптарын құрметтеуі маңызды.