Жаңасібір мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері шетел тілдерін оқытуда заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдануға арналған танымдық әрі мазмұнды шеберлік сабағын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар заманауи цифрлық құралдармен, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен және білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен танысты.


Шеберлік сабағында жасанды интеллектті шетел тілдерін оқытуда тиімді пайдалану, интерактивті тапсырмалар әзірлеу, тілдік дағдыларды дамыту және цифрлық ресурстар арқылы студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Аталған іс-шара білім мен тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды. Қатысушылар жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізудің болашағын талқылап, заманауи технологиялардың сабақтарды қызықты, тиімді әрі қолжетімді етуге қалай ықпал ететінін білді.


Осындай іс-шаралар болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру тәжірибесіне инновациялық әдістерді енгізуге ықпал етеді.Қызықты әрі мазмұнды шеберлік сабағын өткізіп, пайдалы ақпаратпен бөліскені және шетел тілдерін оқыту саласындағы жаңа бағыттармен таныстырғаны үшін Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне алғысымызды білдіреміз!