“Bolashaq” Академиясының магистранты облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы «Жас полиглот» номинациясының жүлдегері атанды

5 қыркүйек Қазақстан Республикасының тілдер күніне орай, Тілді дамытуға үлес қосқан тұлғаларды қолдау мақсатында облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне орай тапсырылып келеді.

Биыл барлығы 35 үміткерден өтінім түсіп, 8 номинация бойынша лауреаттар анықталды. “Bolashaq” Академиясының Шет тілдер және мәдениетаралық кафедрасының 2 курс магистранты Жанабаев Данияр, “Жас Полиглот 2023” номинациясының жеңімпазы атанды.

Дәстүрлі байқау биыл осымен 12-ші рет өткізілді. Шара мақсаты мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған.

1. «Тіл майталманы» номинациясы – Алмагүл Игенова

2. «Мемлекеттік тіл – бизнесте» номинациясы – Арайлым Серікбай

3. «Тіл білгірі» номинациясы – Ольга Тим

4. «Үздік оқытушы» номинациясы – Динара Жупенова

5. «Тіл жаршысы» номинациясы – Айсұлтан Жақыпов

6. «Үздік телехабар» номинациясы – Гүлбақша Ақажанова

7. «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» номинациясы – Гүлзада Махмұтова

8. «Жас полиглот» номинациясы – Данияр Жанабаев

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.