«Bolashaq» Академиясында «Шыншыл сөз – әділетті қоғамның бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Bolashaq» Академиясында «Шыншыл сөз – әділетті қоғамның бастауы: Жаңа Конституция және азаматтық жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел-конференция өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық белсенділікті қалыптастыру, сондай-ақ әділдік, адалдық және шыншылдық құндылықтарын насихаттау.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әділетті қоғам қалыптастырудағы жастардың рөлі, азаматтық ұстанымның маңыздылығы және құқықтық мәдениетті дамыту мәселелері төңірегінде ой бөлісті.

Сонымен қатар, «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабындағы негізгі идеялар талқыланып, қоғамдағы адалдық пен жауапкершілік қағидаттарының маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Іс-шара жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға, өз пікірін еркін білдіруге және қоғамдық маңызды мәселелерге белсенді араласуына ықпал етті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.