«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы сенбілік

18 қазан күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында «Bolashaq» Академиясының студенттері мен қызметкерлері Абай ескерткіші алаңында сенбілік жұмыстарын өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазалап, қоршаған ортаның тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Мұндай бастамалар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Тазалық пен тәртіп әрқайсымыздан басталады. Қоршаған ортаға жанашырлық танытып, туған өлкеміздің көркеюіне үлес қосу – ортақ міндетіміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.