2026 жылғы 13 қазанда Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі Кабжанов Ақылбек Тайбулатович «SARYARQA» телеарнасындағы «Ойталқы» бағдарламасының «Ұлттық қор – балаларға» тақырыбына арналған шығарылымына спикер ретінде қатысты.
Бағдарламада жобаның әлеуметтік маңызы, оның балалардың болашағына ықпалы, қаражатты бөлу кезіндегі әлеуметтік теңдік және жинақталған қаражатты пайдалану тәртібі талқыланды. Сарапшылар бастаманың жастарға білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік беруін, сондай-ақ оның құқықтық және қаржылық қырларын сөз етті.


Ақылбек Тайбулатович Қабжанов тақырыпқа заңгер ретінде пікір білдіріп, бағдарламаның іске асуына қатысты өзекті мәселелерге назар аударды. Кездесу қоғамның қаржылық сауатын арттыруға және жас ұрпақтың болашағына арналған мемлекеттік бастамалар туралы ашық пікір алмасуға бағытталды.
«Ойталқы» бағдарламасы қоғамдағы маңызды мәселелер мен елеулі оқиғаларды мамандардың, халық қалаулыларының және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен талқылап, қоғамдық пікір қалыптастыруды көздейді.