«КІТАП – ОРТАҚ ҚАЗЫНА»

Академия кітапханасында «Кітап – ортақ қазына» атты кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара кітаптың қоғам өміріндегі маңызын дәріптеуге, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
Іс-шараға академияның барлық құрылымдық бөлімдері мен кафедралары, соның ішінде «Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасы да белсенді түрде қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Аталған кафедраның қатысуы тәрбие жұмысы жоспары аясында жүзеге асырылып, студенттердің рухани-мәдени дамуына ерекше мән берілгенін көрсетті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.