2026 жылғы 15 қазанда Qazaq AI Research University (QAIRU) алаңында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Жоғары білім беру қызметкерлері күніне арналған форум өтті.
Ауқымды іс-шараға жоғары оқу орындарының басшылары, ғылыми және академиялық қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ білім беру мен инновациялар саласындағы сарапшылар қатысты.


Форум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаһандық технологиялық өзгерістер жағдайында жоғары білім мен ғылымды дамытудың негізгі басымдықтарын айқындады. Атап айтқанда, мамандар даярлау сапасын арттыруға, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізуге, сондай-ақ еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтуға ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында қатысушылар университеттердің цифрлық трансформациясы, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Форум тәжірибе алмасуға, жоғары білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттарын талқылауға және еліміздің ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін айқындауға арналған маңызды алаңға айналды.