Жас педагог-психолог-2021

2021 жылдың 5 ақпанында Қарағанды облысының мектеп, гимназиясының бітіруші сынып оқушылары арасында жыл сайынғы “Жас педагог-психолог” конкурсының финалы өтті.

Байқаудың мақсаты: психологиялық-педагогикалық қызметке қабілетті жоғары сынып дарынды оқушыларын анықтау және қолдау; гуманитарлық білімді және “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасын насихаттау.

Барлығы 20 өтінім қаралды, финалға 13 өтінім өтті.

“Bolashaq” академиясының Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, т.ғ.к. Оразбаев Хамит Курентаевич құттықтау сөз сөйледі.

Қазылар алқасының құрамы: Маженова Рауана Бокеновна – п.ғ.к., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-дің Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық дайындық кафедрасының доценті; Қарағанды қаласының “Білім бөлімі “ММ-нің әдіскер – психологы Рыскүл Ұзақбайқызы Ұзақбаева; Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің педагог-психологы Айгүл Ермекқызы Кадауова; облыстық “Дарын” мамандандырылған мектеп – интернатының педагог-психологы Айгүл Болатқызы Байсимақова; Н.Нұрмақов атындағы мектеп-интернатының психологы Мерей Талғатқызы Рымбекова.

Музыка, пантомима, поэзия, кескіндеме және т.б. құралдарын пайдалана отырып сахналық қойылым көрсетуі бағаланған “Ұжымдық шығармашылық қызмет (ҰШҚ)” үй тапсырмасында “Рухани Жаңғыру” – болашаққа көзқарас; “Педагог-бұл жұмыс немесе өнер”; “Барлығы балаларға деген махаббаттан басталады”; “Менің өмірімдегі мұғалімнің рөлі”; Психолог болып жұмыс істеу менің арманым” тақырыптарының таңдалуы ұсынылды.

Қазылар алқасы жеңімпаздарды жариялады, олар:

1 орын-Қарағанды қаласының Н. Әбдіров атындағы жалпы білім беру мектебі ;

2 орын – Сәтбаев қаласының № 15 жалпы білім беру мектебі;

3 орын – Жезқазған қаласының № 1 орта мектебі.

Креативтілік танытқандары үшін Шахтинск қаласының № 1 мектебі Алғыс хат алды.

“Bolashaq” Академиясының Педагогика және психология кафедрасы оқытушыларының шешімі бойынша Бұқар жырау, Нұра ауданының жалпы білім беретін мектептері, А.Байтұрсынов атындағы мектеп, шығармашылығы мен креативтілігі үшін “Bolashaq”академиясынан алғыс хаттармен марапатталды.

Финал соңында Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ. к., доцент Асакаева Дана Саламатовна қатысушыларға жылы лебізі мен алғысын білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.