Қаланың мерейтойына арналған “Біз – Қарағандылықтар” диалог алаңы

2024 жылғы 26 наурызда “Bolashaq” Академиясының барлық білім беру бағдарламаларының студенттері және жалпы білім беру пәндері кафедрасының және фармацевтикалық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы диалог алаңына қатысты. Іс-шараның спикері “Урбанистика орталығы” ЖМ сәулетшілер тобының жетекшісі Алексей Волошин болды.


Алексей Геннадьевич Волошин біздің жерлесіміз, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің “Сәулет және дизайн” кафедрасының түлегі. Оның “Қарағанды қаласының “Экопарк” құрылымындағы IT-орталық және тұрғын үй кварталы ” дипломдық жобасы Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының Дипломымен марапатталды. 2021 жылы Халықаралық сәулет фестивалінде Алексей Волошин “Қоғамдық ғимараттар”номинациясы бойынша бірінші орын үшін диплом алды.


Диалог алаңы барысында қатысушылар қаланың өзгермелі сәулеттік құрамдас бөлігі және қайта құрулардың мәдени ерекшеліктері туралы, атап айтқанда қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең сүйікті демалыс орны болып табылатын Қарағанды қаласының Орталық саябағын абаттандыру туралы сұрақтар қойып, біле алды. Қатысқандардың барлығына урбанизация термині белгілі болды. Өз кезегінде, урбанистика – бұл жайлы қалалық орта құру туралы ғылым.

Бүгінгі таңда Қарағанды қаласының “Урбанистика орталығы” ЖМ маңызды жобалық және әлеуметтік-қоғамдық ұйым болып табылады, оның қызметінің негізгі бағыттары:

  • Өнер
  • Абаттандыру
  • Дизайн
  • Урбан ликбез
  • Қалалық орталықтың мамандары қалалық ортаның жайлылығын жақсарту бойынша көптеген жұмыстар жүргізуде және әртүрлі жобалар әзірленуде, мысалы
  • муралдар;
  • алаңдар;
  • аймақтағы жобалар;
  • Vision Zero;
  • көшелер мен даңғылдар.
    Урбанистика орталығының мамандары үнемі қоғамның әлеуметтік сұраныстарына жауап беретін қала құрылысын жобалау мен сәндік және инженерлік абаттандыру әдістерінің жаңа тәсілдерін іздейді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.